Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше елорданың шеткері аумақтарын қасқырлар кезіп жүргені туралы әлеуметтік желілерде жалған видео таралған болатын.
Қарқырлар Көкталда, мамандандырылған ХҚКО-да жүр деген хабарламалар тарап кеткен еді. Соған байланысты Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің жетекшісі – қала әкімдігінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева Facebook-тегі парақшасында жазды.
Әлеуметтік желілерде қаланың шеткері аймақтарында жүрген қасқырлар туралы тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Жалған ақпаратты тарату жауапкершілікке тартуға алып келетінін есте сақтап жүрген жөн, - деп жазды ол.
Ескерту: Видеода бейәдеп сөздер бар!