Елордалық мектепте газ баллоны шашырап кетіп, 9 бала ауруханаға түсті

5 Қыркүйек 2019, 20:38
1890
Бөлісу:
Елордалық мектепте газ баллоны шашырап кетіп, 9 бала ауруханаға түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық №54 мектепте абайсызда газ баллоны шашырап кетті, деп хабарлады Елорда Инфо.

5-сыныптың оқушысы өзімен бірге мектепке ата-анасы берген газ баллонын алып келген. Үзіліс кезінде газ баллоны сөмкесінен түсіп қалған көрінеді.  Оның қасында өтіп бара жатқан сыныптасы баллонды басып кетіп, газ баллоны шашырап кеткен.

"Мектеп қызметкерлері дереу жедел жәрдем қызметін шақырды. Балалардың бәрі ауруханаға жеткізілді. Мамандар 9 баланы қарап тексеріп, медициналық көмек көрсетті. Олардың қастарында сынып жетекшісі бар. Балалардың ата-аналары болған жайт туралы хабардар. Балалардың жағдайы жақсарған соң, ата-аналары оларды үйіне алып кетеді", - деп хабарлады қалалық білім басқармасынан.

Оқыс оқиғадан кейін мектептерде қауіпсіздік ережелері туралы сынып сағаты өткізілетін болады.

Сонымен қатар, ата-аналарға тиісті кеңестер беріледі. 

Кейіннен белгілі болғандай, ата-аналар балаларын ауруханадан алып кеткен. Балалар ата-аналарының бақылауында болады

Өзгелердің жаңалығы