Елордадағы эпидахуал әлі жақсармай тұр

4 Тамыз 2021, 11:36
3655
Бөлісу:
Елордадағы эпидахуал әлі жақсармай тұр
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифинг барысында
Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова хабарлады. 

Елордада СOVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай әлі жақсармай тұрғанын алға тартқан қаланың бас санитарлық дәрігері эпидахуалға тоқталды.

Бес айдан бері қала «қызыл» аймақта екені белгілі.

Соңғы 13 күн ішінде инфекциялық стационарлардың жүктемесі 70%-дан жоғары болып отыр. Бұл дегеніміз 100 мың тұрғынға шаққанда төсектердің толтырылу көрсеткіші 200-ден жоғары деген сөз. Сол себепті Нұр-Сұлтан «қоңыр-қызыл» аймақта болды. Кешегі күннен бері инфекциялық стационарлардың жүктемесі 60%-ды құрап, елорда тағы «қызыл» аймаққа ауысты, - деді елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова.
Оның айтуынша, маусым айының екінші онкүндігінен бастап аса контагиозды «дельта» штамының таралуы себепті бас қалада эпидемиологиялық жағдай нашарлады. Маусым-шілде айларында жыл басынан бері барлық сырқаттанушының 55%-ы тіркелді.
Шілде айында аурушаңдық деңгейі мамыр айындағы көрсеткіштен 2,4 есеге, маусым айынан 2,3 есеге артты. Осы жылдың шілде айында пандемия басталғалы бері 100 мың тұрғынға шаққанда ең жоғары апталық көрсеткіш тіркелді және 915,9-ды құраған, - деді Сархат Бейсенова.
Жағдайлардың орташа тәуліктік тіркелуі маусым айында 388-ден шілде айында 1200-ге дейін өсті. Соңғы 19 күнде тәулігіне 1500-ден астам жағдай тіркелгенін алға тартып отыр.
Өзгелердің жаңалығы