Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Азаматтардың бір мәселені түсінуі қажет, вакцинадан басқа вируспен күресудің жолы жоқ. Мамандардың айтуынша, вакцина сіздердің өмірлеріңіз бен денсаулықтарыңызды сақтап қалады. Ауру жұқтырған жағдайда да ол ауруды жеңілдетеді. Сондықтан біз белсенді вакцинациялау жүргізіп жатырмыз. Дельта штамы келгелі адамдар түсініп жатыр. Қауіп жоғары. Себебі ауруханаға түсіп жатқан адамдар саны көбейді. Вирустың анықталуы да 6 есеге көбейді, - деді Көлгінов.
Қала әкімі айтқандай, маусымның басында 110 сынама оң болса, бүгінде олардың саны 678-ге жетті.
Ынталандыру үшін автокөлік, пәтер, телефондар бойынша сыйлық жарияладық. Бұл азаматтарға ынта болу үшін жасалды. Ұжымдарда да түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Себебі бір адам ауырса, ол ұжымдағы адамдарға жұқтыруы мүмкін. Бұл өте маңызды. Сондықтан біз тәртіпті сақтап, дәрігерлерді тыңдауымыз керек, - деді ол.
Сондай-ақ Алтай Көлгінов Astana LRT құрылысы қалай жүріп жатқаны туралы айтқан еді.