Елордада үздік ПИК төрағалары таңдалады

3 Сәуір 2019, 21:45
1798
Бөлісу:
Елордада үздік ПИК төрағалары таңдалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Конкурсқа қатысуға ауданның барлық қызмет көрсететін ұйымдары шақырылады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Байқоңыр ауданының ПИК қауымдастығы аудан әкімдігімен бірлесіп, үздік ПИК-ті, төрағаны, техникалық қызметкерлерді анықтау үшін конкурс жариялайды», - деп мәлімдеді Фейсбук әлеуметтік желісінде аудан әкімі Ерлан Каналимов.

Тиісті ереже әзірленді, онымен ПИК қауымдастығының парақшасында танысуға болады.

Конкурс тұрғын үйлер мен аула алаңдарына қызмет көрсететін, жұмысын  жоғары жауапкершілікпен атқаратын ұйымдарды анықтауға бағытталған.

Байқауға Байқоңыр ауданы бойынша қызмет көрсететін ұйымдардың барлығы қатыса алады.

«Ең үздік ПИК (ЖШС, ЖК, БК), төраға/директор, техникалық қызметкерлерді (электрик, сантехник, аула тазалаушы, еден жуушы) таңдау шешімін арнайы әзірленген критерийлер негізінде ауданның ПИК қауымдастығы басқармасының мүшелері шығарады. Критерийлерге тұрғындармен жұмыс жасау сапасы, тұрғындар алдында ПИК-тің есеп беруі, жылыту маусымына дайындық құжатын уақытылы алуы енеді», - делінген хабарламада.

Марапаттаулардың көлемі мен түрін  Байқоңыр ауданының ПИК қауымдастығы басқармасының мүшелері және аудан әкімі аппараты анықтайды.


Өзгелердің жаңалығы