Бас жаңалықтар
Елордада коронавирусты анықтау бойынша тегін тестілеуден өтуге болады
29 Мамыр 2020, 09:15 118

Елордада коронавирусты анықтау бойынша тегін тестілеуден өтуге болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Сәби" қоры Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарын коронавирусқа қарсы тегін экспресс-тестілеуден өтуге шақырады.

Тестілеуді орындайтын оператор ретінде жеке зертханалардың біреуі тағайындалды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Экспресс-тестіні өту үшін cdl.kz сайында сауалнама толтыру қажет. Денсаулық сақтау министрлігінің эпидемиологтары эпидемилогиялық өлшемдер негізінде сауалнамаларды іріктеп алады. Содан кейін байланыс-орталықтың операторлары пациентпен байланысып әр пациентке емшара кабинетіне келу уақытын жеке тағайындайды.

Қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында пациент белгілі ережелерді сақтауы тиіс, ол:

  • нәтижені алу үшін электрондық поштаны көрсету;
  • қатаң түрде көрсетілген уақытта келу;
  • маска киіп келу;
  • емшара кабинеті келушілерінің арасында 1,5-2 метр арақашықтықты сақтау.

Экспресс-тестілеу коронавирусқа деген иммундық жүйенің әсерін бағалап, саусақтан алынған қанда IgM және IgG классты ерекше қарсы денелерді анықтайды.

  • IgM қарсы денелер бірінші болып қалыптасады, індет жұққаннан кейін 7-10 күн аралығында пайда болады.
  • IgG қарсы денелер кейін қалыптасады, ол індетпен ауырған әрі оған қарсы қалыптасқан иммундық жауаптың белгісі болып табылады.

Экспресс-тестілеудің нәтижесі талдау тапсырғаннан кейін 15 минутта ұсынылып, сауалнама толтырған кезде көрсеткен электрондық поштаға жіберіледі.

Сұрақ туындаған кезде мына телефондарға хабарласуға болады: 8(7172) 59-79-69; +7(701) 961-72-30.


Фото: дереккөз
Загрузка...