Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада «Тәуелсіз Қазақстан: әлеуметтік өзгерістер және болашақтың перспективалары» атты Қазақстан әлеуметтанушыларының VII Конгресі өтіп жатыр.
Бұл форумды Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстан әлеуметтанушыларының қауымдастығы» ҚБ Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап ұйымдастырып отыр.
Конгрестің негізгі мақсаты - Қазақстан әлеуметтанушылары Қауымдастығы қызметінің қорытындыларын талқылау, қарқынды түрде жүргізіліп жатқан көпэтникалық қоғам мен саяси транзитті жаңғырту жағдайында қоғамның үйлесімді әлеуметтік-саяси және болжамды гуманитарлық-білім беру дамуын қамтамасыз ету бойынша өзекті ғылыми-практикалық міндеттерді тұжырымдау.
Конгресс жұмысына Парламент Палаталарының төрағалары, ғылыми-академиялық және сараптамалық-талдау қоғамдастықтарының беделді өкілдері, Ресейден, Түркиядан және басқа елдерден келген шетелдік сарапшылар, Парламент депутаттары, ҮЕҰ өкілдері мен мемлекеттік органдардың бірінші басшылары қатысады.
Конгресс жұмысы аясында пленарлық отырыс, диалог алаңдары, шеберлік сыныптары, дөңгелек үстел өткізіледі. Социологиялық қоғамдастық өкілдерін марапаттау рәсімі өтеді. Конгрестің диалог алаңдарының тақырыптары: «Қазіргі Қазақстанның әлеуметтік даму күн тәртібінің өзекті мәселелері» және «Қазақстандағы адами және әлеуметтік капитал: өлшеу, бағалау және даму үрдістері» болады.
Конгреске қатысушылар қазіргі кезеңдегі қазақстандық әлеуметтану ғылымының жай-күйінің өзекті мәселелерін және елдегі байқалып отырған жаңғырту процестерінің алғашқы жетістіктері тұрғысынан болжамды даму параметрлерін талқылайды.