Елордада автобустар бір күнге тоқтатылады

25 Қыркүйек 2020, 12:33
1243
Бөлісу:
Елордада автобустар бір күнге тоқтатылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы City Transportation Systems-тің баспасөз қызметі хабарлады.

Жексенбі күні, 27 қыркүйекте елордада қоғамдық көлік қозғалысы бір күнге уақытша тоқтатылады. Дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі, - деп жазды CTS.

Сенбі күні қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді.

Дүйсенбі күннен бастап, 28 қыркүйекте қалалық және қала маңына қатынайтын автобустар қайтадан линияға шығады.

Еске сала кетейік, қоғамдық көлікке бетперде тағып кіру керек. Жол жүру ақысы тек электронды түрде төленеді.

Өзгелердің жаңалығы