Елордада 4 науқастың жағдайы ауыр

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Дәрігерлер Нұр-Сұлтандағы корона төрт науқастың жағдайы ауыр деп отыр.&nbsp; Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты.</h4>

 26 Наурыз 2020 2020, 18:34
26 Наурыз 2020 2020, 18:34
1915

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Дәрігерлер Нұр-Сұлтандағы корона төрт науқастың жағдайы ауыр деп отыр.  Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты.

Нұр-Сұлтан ауруханасына жатқызылған коронавирус жұқпасы бар 61 науқастың төртеуінің жағдайы ауыр. Олардан тыныс жетіспеушілігі бар пневмония расталды, - деді Қисықова брифингте.

Оның айтуынша, басқа науқастардың дене қызуы тұрақты. Ал карантинде 80 бала жатыр екен. 
26 наурыздағы сағат 18:00-дегі жағдай бойынша ауруханада 1 156 адам, оның ішінде 80 бала бар.  Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустық инфекцияның 61 жағдайы тіркелді,- деді Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы

Естеріңізге сала кетейік, 26 наурыз күні таңертең коронавируспен ауыратындар саны бірден 21 адамға көбейді, оның ішінде 15 науқас Нұр-Сұлтан қаласында, алтауы Алматыда тіркелген.  Осы қалалардан басқа, коронавирус Қарағанды, Шымкент, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында анықталды.
Наверх