Елордада 2023 жылға дейін 50 мектеп салынады

12 Ақпан 2020, 10:15
2125
Бөлісу:
Елордада 2023 жылға дейін 50 мектеп салынады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2020 жылы елордада 10 мың орындық 12 мектеп пайдалануға беріледі. Осыған қоса 12 мың орындық 8 мектептің құрылысын бастау жоспарланып отыр. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов тұрғындармен есептік кездесуі барысында айтты.

_70A8572.jpg

Қазір қалада 115 мектеп пен 182 мың оқушы бар. Халықтың өсуіне байланысты қалада әлеуметтік нысандарға жүктеме артып келеді, сондықтан қазір 8 мектеп үш ауысымда оқытады. Бұл мәселені шешу үшін жыл сайын кемінде 10 жаңа мектеп салып отыру қажет. Биыл және келесі жылы 12 мектептен салынады. Осы орайда мектеп құрылысына арналған орындар анықталды, - деді Алтай Көлгінов.
_70A8565.jpg
Оның сөзінше, елорда ивесторлар үшін өте қолайлы қала. Сол себепті мектептердің құрылысына жеке инвесторлар тартылады. 

_70A8564.jpg

Өңірлік кеңесте жеке инвестиция есебінен 22 мың оқушыға есептелген 22 мектеп салу қолдау тапты. Кешенді жоспар аясында 5 жылдық кезеңде 60 мың орындық 50 мектеп салу жоспарланған. Екінші ауысымда бұл 120 мыңға жуық орын ашуға мүмкіндік береді. Елордада еңбек етуге қолайлы жағдай жасау үшін 350 орындық мұғалімдерге арналған жатақхана салынды, кадрларды даярлауға гранттар бөлінеді, - деді қала әкімі.
_70A8576.jpg
Өзгелердің жаңалығы