Алматыда 10 минут ішінде 16 млн теңгесі бар сейфті қолды қылған

13 Тамыз 2020, 21:19
1128
Бөлісу:
Алматыда 10 минут ішінде 16 млн теңгесі бар сейфті қолды қылған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда 37 жастағы ер адам интернет-дүкеннің кеңсесінен 16 млн теңге салынған сейфті ұрлап кеткен. Бұл туралы Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі хабарлады. 

Полиция департаментінің хабарлауынша, ұры қылмыстық жоспарын небәрі 10 минут ішінде жүзеге асырған. 1983 жылы туған М. есімді азамат таңғы сағат 05:00 шамасында кеңсенің кіреберісіндегі есіктің құлпын сындырып ішке кіріп, сол жерден кішкене өлшемді темір сейфті алып кеткен. 

Осы қылмысты ашу үшін арнайы тергеу-жедел тобы құрылды, қызметкерлер күдіктіні анықтады. Қылмысты дер кезінде ашуға бейнебақылау камераларының көмегі тиді. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта ұрланған қаражатты сақтау орнын анықтауға бағытталған шаралар кешені жүргізілуде, олар кейіннен ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша қаралатын қылмыстық іс материалдарына тіркеледі, – деді Алматы қаласы Бостандық аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Ғалым Қасымбаев. 



Өзгелердің жаңалығы