Елорда бір айдан астам уақыт бойы «қызыл» аймақта тұр

20 Сәуір 2021, 11:28
2192
Бөлісу:
Елорда бір айдан астам уақыт бойы «қызыл» аймақта тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Елордадағы эпидемиологиялық жағдай және тұрғындарды COVID-19-ға қарсы вакциналау» тақырыбында өткен онлайн брифинг барысында Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова айтты.

Оның сөзінше, елордадағы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз, қала бір айдан астам уақыт бойы «қызыл» аймақта тұр.

Күніне 350-ден 650-ге дейін жағдай тіркеледі. Соңғы аптадағы сырқаттанушлық көрсеткіші алдыңғы аптамен салыстырғанда 17%-ға жоғары. 100 мың тұрғынға шаққанда қарқынды көрсеткіш 326,2-ні құрады. Жыл басынан бері қала бойынша ауырғандар саны 21 мыңнан асты. Пандемия басталғалы бері 40 169 жағдай тіркелді. Динамикада жүргізілген зерттеулер саны артты. Бір апта ішінде 46 643 зерттеу жүргізілді, орташа есеппен тәулігіне 6500 зерттеу жасалады. Осы жылдың сәуір айындағы COVID-19 сырқаттанушылық көрсеткіші наурыз айындағыға қарағанда 50%-ға артқан, - деді ол.

Қалалық бас санитардың айтуынша, ауырғандардың ең жоғары деңгейі бұрынғыдай, ересектер арасында тіркелген. Ол жалпы сырқаттанушылықтың 79,9%-ын құрайды. Балалар үлесі 17,3%, жасөспірімдер 2,8%-ды құрайды. Ересектердің 30%-ы 30-39 жас аралығындағы топқа тиесілі.

Сәуір айынан бастап егде жастағы адамдар арасындағы жағдайлардың 2,2%-ға, 18-29 жастағы адамдар арасында 0,7%-ға өсті. Наурыздағы динамика бойынша 14 жасқа дейінгі балалар арасында ақпан айымен салыстырғанда 2,3 есе өсу байқалды. Яғни, ақпанда 479 жағдай, наурызда 1106 жағдай. Сәуірдің алғашқы 20 күнінде наурыз айымен салыстырғанда 1,7 есеге, яғни,1447 жағдайдың өсуі байқала тұра, сәуір айында жалпы сырқаттанушылық құрылымындағы балалардың үлес салмағы 0,8%-ға азайды. Бұл әсіресе, 7-10 жас аралығындағы топ оқушыларына қатысты қабылданған шектеу шараларының тиімділігін көрсетеді. Балалар арасында 3-10 жас тобында 54,5%-ды құрайды, - деді ол.

Сырқаттанушылық құрылымында ауырғандардың негізгі үлесі жұмыс істейтін халыққа тиесілі (43,6%). Жұмыс істемейтіндер - 23,4%, зейнеткерлер - 15,3%, оқушылар - 11,1%.

Бұл ретте сәуір айында жұмыс істейтіндер арасында ауырғандардың үлес салмағы 4,2%-ға, жұмыс істемейтін халықтың арасында 5,5%-ға, сондай-ақ, оқушылар арасында 4%-ға төмендегені байқалды, - деді дәрігер.


Өзгелердің жаңалығы