Еліміздің бірнеше облысында 41 градусқа дейін күн ысиды

9 Шілде 2019, 09:13
2415
Бөлісу:
Еліміздің бірнеше облысында 41 градусқа дейін күн ысиды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктері күннің қатты ысуына байланысты бірнеше облыста дауылды ескерту жариялады.

9 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында кей жерде тұман, найзағай, күндіз кей жерде дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерде екпіні 23-28 м/с.

«Петропавл қаласында 9 шілдеде найзағай, күндіз дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с. Дауылды ескертудің ықтималдығы – 90-95%», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Түнде және таңертең 9 шілдеде Қостанай облысының кей жерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерде күші 18 м/с күтіледі.     

Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.

Күндіз 10-11 шілдеде Актөбе облысының кей жерінде, 11 шілдеде Қарағанды облысының кей жерінде 40-41 градус өте қатты ыстық күтіледі.

Күндіз 10 шілдеде Ақмола облысының кей жерінде, 11 шілдеде басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық күтіледі.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.

«9 шілдеде Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күші кей жерде 15-20 м/с сақталады. Күндіз 41°С қатты ыстық күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 95-100%», - делінген «Қазгидромет» синоптиктерінің хабарламасында.

Күндіз 10 шілдеде Ақмола облысының кей жерінде, 11 шілдеде басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық күтіледі.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.

Күндіз 9 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында кей жерде қатты ыстық 36°, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші кей жерде 15-20 м/с жетеді.

«9 шілдеде күндіз Жамбыл облысында кей жерде 39°С қатты ыстық, 10-11 шілдеде кей жерде 41°С күтіледі. Тараз қаласында 10-11 шілдеде күндіз 38-40°С қатты ыстық күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 85-90%», - делінген хабарламада.

 

 

 

 

 

Өзгелердің жаңалығы