Еліміздің бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды

25 Шілде 2020, 15:47
1739
Бөлісу:
Еліміздің бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 26 шілдеде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.


Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде найзағай, солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 16 м/с күтіледі. Таңертең және күндіз 26 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең кей жерде тұман болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

26 шілдеде Ақмола облысында кей жерде найзағай, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Түнде және таңертең кей жерде тұман күтіледі.

Нұр-Сұлтанда 26 шілдеде түнде және таңертең найзағай, тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде найзағай болады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, кей жерде 15-20 м/с күтіледі.

Таңертең және күндіз 26, күні тәулік бойы 27 шілдеде Жамбыл облысында кей жерде найзағай, дауыл болады. Күндіз 26, 28 шілдеде солтүстік-шығыс, солтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Таразда күндіз 26, түнде 27 шілдеде кей уақытта найзағай күтіледі.

26-27 шілдеде Қарағанды облысының кей жерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, кей жерде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертен кей жерде тұман болады.

Қызылорда облысында 40-41 градус қатты ыстық, өте жоғары өрт қаупі сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 75-100 %. 
     


Өзгелердің жаңалығы