Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев Мәжіліс үйінде осылай деді.
Министрдің айтуынша, жастар арасында жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижелері отбасылық бақыт ең маңызды екенін көрсетті (70,9%). Екінші орында - денсаулық (64,3%). Үшінші кезекте – материалдық жағдай және байлық (30,2%).
«Тағы айта кететін жайт, Қазақстан Жастар прогресінің индексі рейтингінде 102 елдің ішінде 63 орынды иеленді. Жаһандық индексте Қазақстан жастарының дамуы 183 елдің ішінде 61-ші орында. Біздің еліміз жұмыспен қамту мәселесін тиімді шешетін елдердің тізіміне кіріп, әлемдегі білім беру индексі бойынша 35-ші орынды иеленді», - деді Кәлетаев Жастар саясатына арналған Үкімет сағатында.
Бұған дейін министр «біз жастардың жұмыссыздық мәселесін түбегейлі шешіп тастаған жоқпыз» деген еді. Сондай-ақ, «жастар арасындағы суицид әлі де өзекті» екенін айтқан болатын.
Атап өтсек, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылды Жастар жылы деп жариялаған болатын.