Еліміздегі дизель отынының бағасы қанша?

23 Қыркүйек 2021, 13:04
3331
Бөлісу:
Еліміздегі дизель отынының бағасы қанша?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында Мұнайды тасымалдау және өңдеу департаментінің директоры Бауыржан Сәлімгереев хабарлады. Оның айтуынша, дизель отынының бағасы өңірге байланысты өзгеруі мүмкін.

Жеткізу мен сақтауды ескере отырып, дизель отынының бағасы өңірге байланысты шамамен 175-180 теңгені құрайды. Бұл жанармай құю станцияларындағы бағадан арзан. Ресурс ұстаушылардың босату бағасы «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС және «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-да 1 тоннасы үшін ҚҚС қосқанда 189 мың теңге немесе 1 литрі үшін 159 теңге және «АМӨЗ» ЖШС-да 1 тоннасына 187 мың теңге немесе 1 литріне 159 теңге, - деп атап өтті Бауыржан Сәлімгереев.

Күзгі дала жұмыстарын жүргізу және жем-шөп дайындау жұмыстарына ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 440 мың тонна дизель отыны бөлініпті.

20 қыркүйектегі жағдай бойынша, іс жүзінде 282 мың тонна дизель отыны тиеп-жөнелтілді. Күзгі дала жұмыстары бойынша шілде және тамыз айларының көлемі толығымен тиеп-жөнелтілді, қыркүйекке мәлімделген көлемге келісімшарт жасалды, ақысы төленді және тиеп-жөнелту процесінде тұр. Қазан айына жоспарланған жеткізу 28,5 мың тоннаны құрайды, - деді департамент басшысы.

Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде дизотынның бағасы көрші мемлекеттерге қарағанда арзан екендігі туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы