Елімізде тұмауға қарсы екпені қанша адам салдырғаны белгілі болды

19 Қазан 2021, 11:29
30021
Бөлісу:
Елімізде тұмауға қарсы екпені қанша адам салдырғаны белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша, тұмауға қарсы вакцинациялау жұмыстары жалғасын табуда.

Бүгінгі таңда 1 млн 380 мың адам немесе тиісті халықтың 54,5%-ы тұмауға қарсы екпе алды. Республикалық көрсеткішке тоқталсақ, 7 өңірде вакцинациямен қамтудың жоғары деңгейі байқалады. Олар: Түркістан облысы, ол жерде екпе алуы тиіс халықтың 85%-ы қамтылған. Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Ақмола және Қызылорда облыстарында – 60%-дан астам, Алматы қаласы мен Шығыс Қазақстан облысында 55%-дан астам деңгей қамтылды, - деп атап өтті еліміздің бас дәрігері.
Еске сала кетейік, бұған дейін Үкімет басшысы коронавирус пен тұмауға қарсы егу науқанын жалғастыруды тапсырған болатын. Премьер-министр өз сөзінде жалпы эпидемиологиялық жағдай бір деңгейде сақталып отырғанын алға тартты. Барлық өңірде аурушаңдық деңгейі айтарлықтай төмендеген, жағдайы ауыр және стационарлық, амбулаторлық ем қабылдап жатқан науқастар саны да азайған.
Өзгелердің жаңалығы