Бас жаңалықтар
Елімізде табысты жастар жайлы челлендж басталды
12 Тамыз 2020, 20:15 204

Елімізде табысты жастар жайлы челлендж басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы қазақстандық жастарды қолдауға арналған ауқымды акцияны бастайды.

Бірінші кезең барысында Халықаралық Жастар күні, яғни 12 тамызда әлеуметтік желілерде #JastarQýaty #ЭнергияМолодежи #YouthPower хештегі бойынша челлендж іске қосылады. Челленджге 14-29 жас аралығындағы жастар ғана емес, сонымен қатар одан да үлкен адамдар қатыса алады.

Челлендждің басты мақсаты – жастардың қуаты мен креативтілігін игі істерге бағыттау. Өйткені, ең алдымен жастардың білімі, таланттары мен мүмкіндіктері, қоғам игілігіне бағытталуы керек.

Қатысушылар жақсы істермен, мұқтаж адамдарға көмек көрсеткен істермен посттар/фотосуреттер ұсынады. Сондай-ақ, Сіз өмірдегі жарқын сәттердің фотосуреттерін немесе бейнелерін, пайдалы кеңестерді, өмірлік және жағымды оқиғаларды жариялай аласыз, эстафетаны басқа аймақтардан таныстарыңызға тапсыру арқылы оларды атап өтуге болады.

Акцияның екінші кезеңі барысында - #JastarÚlesi, бұл БҰҰ-ның жастарды қолдау айлығы туралы бастамасына ықпал етеді. Күн сайын БҰҰ оң әлеуметтік ілгерілеуге ықпал ететін жас адам туралы әңгіме жариялайды. Атап айтқанда, БҰҰ күн сайын оң әлеуметтік өзгерістерге ықпал ететін жас адам туралы оқиғаны жариялайды.

Акцияны қолдау үшін жастар ұйымдары және ресурстық орталықтары бір апта ішінде еліміздің түкпір-түкпірінде өз табыстарын құратын жас қазақстандықтар туралы әңгімелер жариялауы тиіс. Бұл біздің сөзбен емес, іс жүзінде туған елге пайда әкіп жүрген және қоғамдық сананы жаңғырту идеясын жүзеге асырып жатқан жас жерлестеріміз туралы оқиғалар.

Үздіктер оқиғалар жарияланып, үздік кейіпкерлер республикалық БАҚ-та және "Жастар" ҒЗО-ның ресми ресурстарында сұхбат алу үшін шақырылатын болады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...