Елімізде келесі жылы 5 мың шақырымнан астам жол ақылы болады

28 Қараша 2019, 01:22
5141
Бөлісу:
Елімізде келесі жылы 5 мың шақырымнан астам жол ақылы болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, мемлекеттік "Нұрлы жол" бағдарламасын іске асыру аясында 2020-2026 жылдар аралығында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 10 мың шақырымы қайта жаңарту жұмыстарымен қамтылса, оның 1373 шақырымында қозғалыс келесі жылы ашылмақ.

Осы ретте "Орталық-Оңтүстік" бағыты бойынша жолдың 311 шақырымы, "Петропавл-Қорған" тасжолының 37 шақырымы, "Орталық-Шығыс" жобасы бойынша жолдың 13 шақырымы, "Қостанай-Денисовка" автожолының 65 шақырымы, "Ақтөбе-Қандыағаш-Мақат" тасжолының 160 шақырымы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сонымен қатар, келесі жылы "Атырау-Астрахань" бағыты бойынша жолдың 60 шақырымында, "Осинов асуы" жобасы бойынша жолдың 32 шақырымында, "Талдықорған-Өскемен" автомобиль жолының 384 шақырымында, "Ұзынағаш-Отар" жолының 96 шақырымында көлік қозғалысы ашық болады. Мұнымен қоса, жоспарға сәйкес "Үшарал-Достық" тасжолының 60 шақырымы, "Қалбатау-Майқапшағай" автожолының 155 шақырымы пайдалануға берілмек.

2020 жылы 5917 шақырым жол ақылы болады. 2025 жылға қарай мұндай жолдардың жалпы ұзындығы 11,7 мың шақырымды құрайды, - делінген хабарламада. 

Өзгелердің жаңалығы