Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы есірткі қылмысына қарсы күрес және «Дәрмек» жедел алдын алу шарасының нәтижелері туралы өткен брифингте ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов айтты.
Ол атағандай, жыл басынан бері 129 кг синтетикалық есірткі тәркіленді. 11 есірткі зертханасы жойылды.2020 жылдан бастап қылмыстық заңнамаға электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, есірткінің заңсыз айналымы үшін жауапкершілікті қатайтатын өзгерістер енгізілді. Осы жылдың 8 айында сотқа дейінгі 127 іс тіркелді, оның 58-і жарнама үшін және 69-ы интернет арқылы өткізуге қатысты болды. Есірткі тарататын 810 сайт бұғатталған, - деді ол.
Әмірханов осыған дейін есірткіге пара-пар дәрілердің тізімі белгілі болғанын айтқан еді.