"Елбасы медалі" кімдерге беріледі

3 Маусым 2020, 17:16
5255
Бөлісу:
 "Елбасы медалі" кімдерге беріледі

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін "Елбасы Академиясы" КҚ басшысының орынбасары Әнуар Жанғозин 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған "Елбасы медалі" жобасының бастау алғанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі жастарды қолдау мақсатында Ел үміті бастамасын ұсынған. Қазіргі таңда Тұңғыш президент қоры мен Елбасы академиясы осы бастама аясында жарияланған жобаларды жүзеге асыру бойынша белсенді жұмыс атқаруда. Бүгін Ел үміті бастамасы аясында іске асатын "Елбасы медалі" жобасын бастағалы отырмыз, - деді ол. 

Бағдарламаның негізгі символы табыстың жеті жебесін білдіреді. Осы жеті бағыт бойынша бағдарламаны аяқтау жеке тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал етеді. Бағыттарды атап өтетін болсақ: спорт және дене шынықтыру, кітап оқу,  дарын мен дағды, ұлттық мұра, еріктілік, туристік саяхат және еңбек тәжірибесі.
Жобаның басты мақсаты – 14 пен 29 жас аралығындағы Қазақстан азаматтарының өзін жетілдіруге жаңа серпін беру.  Даму жолында барынша қолдау көрсету. Жас ерекшелігі бойынша сай келетін, тұратын жері, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан кез келген адам қатыса алады. Бағдарлама бірінші кезекте қатысушының өзін-өзі жетілдіруден өтуін көздейді, - дейді Әнуар Жанғозин. 

Челендж бағытында ұйымдастырлған бағдарламаны жүзеге асыру үшін еліміздің әрбір облысында өңірлік ресурс орталықтары және тәлімгер желісі құрылған. Бұл жобаның әрбір қатысушысына қажетті әдістемелік қолдау беру мақсатында жасалған.
Қатысушылар жеті бағыттағы кез келген саланы таңдап, өзін жетілдіру процесін бастай беруіне болады. Челенджге қатысатын жастар виртуалды әлемнен табысқа жетелейтін ортаға көшеді. Яғни, жастар бойындағы дарындары мен мүмкіндіктерін шыңдай түсуіне жағдай жасалып отыр, - деді ол.

"Елбасы медалі" жобасынан сәтті өткен жастарды патриоттығы мен ерекше ынта танытқаны үшін ерекше медалмен марапаттау көзделген. Көрсетілген нәтижеге байланысты қатысушылар алтын, күміс және қола медалмен марпатталады.  
Әр деңгейге қатысты талаптар қойылған. Қола деңгейге жету үшін – 6 ай, күміс деңгейге – 12 ай, алтын деңгейге жету үшін – 18 ай қажет. Осы уақытқа дейін жобаға қызығушылық танытып, өтініш білдірген жастардың саны 6 мыңнан асты, - дейді Жанғозин.

Өзгелердің жаңалығы