Елімізде депозит мөлшерлемелері көтерілді

10 Қыркүйек 2019, 15:11
2369
Бөлісу:
Елімізде депозит мөлшерлемелері көтерілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыйақының шекті мөлшерлемелерін есептеудің жаңа әдістемесіне сәйкес, мерзімсіз салымдар бойынша ұсынылатын ең жоғары мөлшерлеме Қазақстан Ұлттық Банкі белгілейтін базалық мөлшерлемеге байланысты болады. Бұл туралы қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының баспасөз қызметі хабарлады.

9 қыркүйек күні Ұлттық Банк базалық мөлшерлеменің 9%-дан 9,25%-ға дейін көтерілгенін жариялады.

ҚДКБҚ базалық мөлшерлеменің артуынан кейін мерзімсіз салымдар бойынша ұсынылатын ең жоғары мөлшерлемені 9,5%-дан 9,8%-ға дейін арттырады.

Өзгерістер бүгін, 10 қыркүйекте күшіне енеді, бірақ екінші деңгейдегі банктер депозиттер бойынша қолданыстағы мөлшерлемелерді бұрынғы деңгейде сақтауға немесе оларды кейінірек арттыруға құқылы.

Ұлттық Банктің бұл шешімі жаңадан тартылатын үш ай мерзімді салымдарға да қатысты болады.

депощит.jpg

Алты ай мерзімді салымдар және барлық жинақ салымдар бойынша ең жоғары ұсынылатын мөлшерлемелер өзгермейді, өйткені базалық мөлшерлеменің қозғалысына байланысты емес. Осы салымдар бойынша шекті мөлшерлеменің келесі өзгерісі қыркүйек-қазан айларында болады.

Өзгелердің жаңалығы