Елімізде «дельта» штамын жұқтыру қарқыны бәсеңдеді ме?

3 Тамыз 2021, 10:42
4063
Бөлісу:
Елімізде «дельта» штамын жұқтыру қарқыны бәсеңдеді ме?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой сөз қозғады. Оның айтуынша, «дельта» штамының салдарынан аурушаңдық бірден қарқын алған болатын.

Министр Қазақстанда соңғы 1 ай ішінде инфекция жұқтыру қарқыны туралы айтты.

ДДСҰ деректеріне сәйкес, алты аймақтың бесеуінде соңғы бір ай ішінде инфекция жұқтыру 80%-ға артқан. Бұл дегеніміз аурушаңдық екі есеге өсті деген сөз. Аурушаңдықтың өсуіне қазіргі уақытта 132 елде тіркелген жоғары трансмиссивті «дельта» штамм себеп болып отыр, - деді министр Цой.

Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласындағы ауру қарқыны зерттелген көрінеді. Себебі «дельта» штамм еліміз бойынша алғаш рет елордада анықталған болатын. Салдарынан аурушаңдық бірден өршіді. Министр соңғы екі аптада індет жұқтыру аурушаңдықтың көрсеткіштерінің жоғарылауынсыз бір деңгейде қалып отырғанын айтты.

Соңғы жарты ай ішінде аурушаңдық көрсеткіштері артпай, бір деңгейде қалып отыр. Жедел медициналық жәрдем шақыру көлемі соңғы аптада 11%-ға қысқарды, - деді Денсаулық сақтау министрі.

Бұған дейін ДСМ басшысы тамыз бен қыркүйек айына жасалған эпидемиологиялық болжауға сәйкес, еліміз оптимистік сценарий бойынша келе жатқанын айтқан еді. Ол болжамға сәйкес тіркелген жағдайлар тамыз-қыркүйекте 250 мың адам немесе тәулігіне 7000 жағдайға тең болатын.

Өзгелердің жаңалығы