Астана, BAQ.KZ. Автокөліктерді тіркеу мен жүргізуші куәлігін беру қызметі техникалық ақауларға байланысты уақытша тоқтатылды. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті хабарлады.
"Техникалық ақауларға байланысты мамандандырылған ХҚКО мен әкімшілік полицияның тіркеу-емтихан бөлімшелерінде көлік құралын тіркеу және жүргізуші куәлігін беру бойынша қызметтер уақытша тоқтатылды", - деді комитеттегілер.
Ведомство өкілдері осы қолайсыздық үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады.