Бас жаңалықтар
Елімізде 56 мың адамның көзі көрмейді
16 Қаңтар 2021, 07:39 168

Елімізде 56 мың адамның көзі көрмейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде зағип ретінде мүгедектікке шығатын адамдардың саны жыл сайын көбейіп отыр. Қазірдің өзінде қос жанарынан айырылғандардың қатары 60 мыңға жуықтаған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Көз аурулары қазақ ғылыми-зерттеу институтының Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалының директоры Әйгерім Төлетованың дерегінше, қазіргі таңда Қазақстанда 56 мыңдай адам «су қараңғы соқыр» дертімен тіркеуде тұр. Олардың 18 мыңы – балалар.
Көз аурулары жүре келе және туа бітті болады. Көп адамдар уақытылы дәрігерге қаралмай, ауруын асқындырып алады. Бұған қоса, ағзадағы әртүрлі созылмалы сырқаттар да көз жанарына әсер етуі мүмкін. Мысалы, глаукома, дегенеративті миопияның ұлғаюы, гипертония, қант диабеті, ретинопатияның асқынулар су қараңғылыққа алып келеді. Сондықтан көз жанарын ерте бастан күтіп, дер кезінде дәрігерге қаралған жөн, – дейді Ә.Төлетова.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...