Алматы, BAQ.KZ. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті экономикалық қызметтің жекелеген түрлеріндегі кәсіпорындар мен ұйымдарға жыл сайын жүргізетін зерттеуі кезінде белгілі болған.
Зерттеуде ауыл, орман және балық шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, көлік және байланыс, денсаулық сақтау, ғылым және қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындар қамтылған.
Зерттелген нәтижелер бойынша санитарлық-гигиеналық талаптарға (нормаларға) сай келмейтін жағдайларда 370,3 мың адам немесе зерттелген кәсіпорындағы қызмеркерлердің жалпы санынан 22,0% жұмыс істеді. Соның ішінде шудың және дірілдің жоғары деңгейі жағдайында 170,0 мың адам, Шектеулі ұйғарынды концентрациядан асатын жұмыс аймағындағы ауаның газдануы мен шаңдануы әсерінде – 120,8 мың адам, қолайсыз температуралық режимде – 62,8 мың адам, басқа қолайсыз факторларда – 16,6 мың адам еңбектенген. Ауыр дене еңбегімен шұғылданғандар 94,0 мың адам, - делінген хабарламада.
Жалпы экономикалық қызмет түрлері бойынша санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келмейтін жағдайларда жұмыс істейтін ерлердің саны әйелдердің санынан 3,4 есеге артқан. Мекендеу және тамақтану бойынша қызметтер салаларындағы қолайсыз жағдайларда жұмыс істейтін әйелдердің саны ерлер санынан 4,4 есе артты.
Өңірлер бойынша санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келмейтін жағдайларда жұмыс істейтін зерттелген кәсіпорындардағы қызметкерлердің арасындағы едәуір үлесі Қарағанды облысында – 42,8%, Павлодарда облысында – 42,4%, Маңғыстау облысында - 37,6%, Шығыс Қазақстан облысында – 27,1%, Жамбыл облысында – 25,3% белгіленді. Қызметкерлердің ең аз үлесі Қызылорда облысында - 6,3%, - делінген хабарламада.
2019 жылы кәсіпорындар (ұйымдар) зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайларындағы жұмысы үшін өтемақылар мен жеңілдіктерге 128 492,5 млн теңге жұмсаған. Қосымша демалыс (жеңілдіктің түрі) 518,9 мың адамға берілген, зиянды және және басқа да қолайсыз еңбек жағдайына әртүрлі материалдық қосымша төлемдерді 389,9 мың адам пайдаланған, 321,8 мың адам – сүт немесе тең бағалы тағам өнімдерін тегін алды, 80,4 мың адам – тегін емдік-профилактикалық тамақтанумен қамтамасыз етілді, ал 50,0 мың адам – қысқартылған жұмыс күні режимінде жұмыс істеген.