Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы экология вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов тұрмыстық қалдықтар туралы өткен брифингте айтты.
ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 10 шілдедегі кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша ҚР Президентінің қалдықтармен жұмыс істеу саласында жүйелі шаралар қабылдауға қатысты хаттамалық тапсырмасын орындау үшін мемлекет пен қоғамның даму басымдықтары белгіленді. Ол ең алдымен қоршаған ортаны және қалдықтарды басқаруды арттыруға бағытталған, - деді Пірімқұлов.
Вице-министр атағандай, азаматтарды экология мен қоршаған ортаның проблемалық мәселелері толғандырады.
Қоғамның барлық экологиялық мәселеге нөлдік төзімділігі байқалады. Азаматтық ұстаным мен азаматтарымыздың белсенділігі бізді одан да пәрменді шаралар қабылдауға ынталандырады. Белгілі болғандай, тұжырымдамаға сәйкес 2030 жылға қарай қалдықтарды қайта өңдеу үлесі 40%-ға, 2050 жылға қарай 50%-ға дейін жеткізілуі тиіс. Бүгінгі күні елімізде 31,6 млрд тонна өнеркәсіптік қалдық және 125 млн тонна ҚТҚ жинақталған, - деді ол.
Пірімқұлов атағандай, өнеркәсіптік қалдықтың басым көлемін техногендік-минералдық түзілімдер алады.
Оларды қайта өңдеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2020 жылы қайта өңделген және кәдеге жаратылған өнеркәсіптік қалдықтардың үлесі - 36%-ды құрады. Қайта өңделген және кәдеге жаратылған ТҚҚ үлесі 2020 жылы – 18,3%-ды құрады. Еліміздің 204 қаласы мен аудандарының 94 пунктінде ҚТҚ-ны бөлек жинау, ал 80 елді мекенде сұрыптау енгізілді. ҚТҚ Нұр-Сұлтан, Шымкент және Жаңаөзен қалаларындағы зауыттарда сұрыпталады және қайта өңделеді, сондай-ақ шағын және орта бизнесті қайта өңдеу бойынша 218 кәсіпорын жұмыс істейді, - деді ол.