Астанада қоғамдық электрокөліктер пайда болады – Соловьева

17 Қаңтар 2019, 13:22
5902
Бөлісу:
Астанада қоғамдық электрокөліктер пайда болады – Соловьева

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Біз елордада бағдарлы электромобильдер пайда болуы бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы Қазақстанның ірі өндіріс ошақтарының жасыл рейтинг бойынша 2018 жылғы қортындысын шығаруға арналған брифингте «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ басқарма төрайымы Айгуль Соловьева мәлімдеді. 

«2018 жылы жаңа Экология кодексінің тұжырымдамасын әзірлеу барысында қауымдастық бизнестің экологиялық жауапкершілігі және өңірді ээкологиялық дамыту тиімділігі енгізу рейтингін туралы ұсыныс жасалды. Бұл құрал кәсіпорындардың қоршаған ортаға ықпалына қатысты жұмысы мен экологиялық саясатының ашықтығын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, бұл кәсіпорындардың техникалық тұсын бағалап, оларды модернизациялауға арналған өзара қарым-қатынасты әзірлеуге мүмкіндік береді», - деді Соловьева. 

Ол өткен жылдың шілде айында рейтингті апробациялау мақсатында Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы, Интерфакс-ЭРА және Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы арасында үшжақты меморандум жасалғанын айтты. Белгілі болғандай, жасыл рейтингті әзірлеу барысында 200 астам кәсіпорын қатысқан. 

Журналистердің сауалына жауап берген басқарма төрайымы Қазақстанның елордасын түтін басуына қатысты пікір білдірді. 

«Біз Астанамен тығыз байланыста жұмыс жасап келеміз. Бәріміз білеміз, қаладағы ауаның ластануы бірінші кезекте автокөліктен шығатын лас түтіннен болып отыр. Қазір біз Астанада электромобильдер, соның ішінде бағдарлы электромобильдер пайда болуы бойынша жұмыстарды қолға алдық. Бұл мәселеде әкімдік те үлкен қолдау көрсетуде. Сонымен қатар, ЖЭЦ-терде газды қабылдау бойынша реконструкция жүргізіліп жатыр. Сол себепті, бір жылға жуық мерзімде көмір мүлде қолданылмайтындықтан, қазір сүзгіш қоюдың қаншалықты тиімді екені талқылануда», - деді Соловьева. 

ЗТБ өкілі бас қаланы түтін басуына жеке сектор тұрғындарының сапасыз көмір жағуы да себепші екенін атап өтті.

Ақмарал Шағатай

Өзгелердің жаңалығы