Елдегі 10 студенттің жетеуі ақылы түрде білім алады

17 Қаңтар 2020, 20:40
2072
Бөлісу:
Елдегі 10 студенттің жетеуі ақылы түрде білім алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019-2020 оқу жылының басында елімізде 125 жоғарғы оқу орны тіркелсе оның 67,2%, жеке меншік.

Жоғарғы оқу орындары ең көп мына қалалар көшін Алматы (41), Нұр-Сұлтан (15), Шымкент (10) қалалары бастап тұр. Бұл туралы Finprom.kz басылымы хабарлады. 

Ал биылғы оқу жылындағы студенттердің саны – 604,3 мың. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 11,4%-ға артық. Олардың – 321,6 мыңы қыздар.  Студенттердің 79,6% күндізгі форма бойынша, 14,9% сырттай, 5,5% кешкі уақытта білім алады.  180,1 мың студент мемлекеттік грант бойынша(29,8%), ал қалған 424,3 мыңы ақылы түрде оқиды(70,2%). 

Биылғы оқу жылының басында жоғарғы орындарында 38,5 мың мұғалім тіркелді. Оның 3,3 мыңы ғылым докторлары (8,5%), 12,7 мыңының кандидаттық ғылыми дәрежесі бар (33,1%), 2,5 мыңы – профессорлар (6,4%), 5,9 мыңы доценттер (15,3%), 2,6 мыңының PhD ғылыми дәрежесі бар (6,8%), 235-і профиль бойынша докторлар (0,6%), 13 мыңының магистр дәрежесі бар. 

2019 жылдың қаңтар және қыркүйек айлары аралығында жоғарғы білім беру саласындағы қызмет көрсету көлемі 229,5 млрд теңгеге жеткен. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 10,8%-ға артық.
Өзгелердің жаңалығы