Елде 16 мыңнан астам шетелдік азамат жұмыс істеп жүр

18 Қараша 2021, 09:38
1384
Бөлісу:
Елде 16 мыңнан астам шетелдік азамат жұмыс істеп жүр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 қарашадағы жағдай бойынша 16 059 шетелдік азамат жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша ел аумағында еңбек қызметін жүзеге асыруда. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттардың ішінде мынадай санаттар бар: бірінші санат – 647 (басшылар және олардың орынбасарлары), екінші санат – 3 222 (құрылымдық бөлімшелердің басшылары). Тартылған ШЖК-нің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше 7 746 адам және 718 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға – 1 769 адам, ал корпоративтік ауыстыру шеңберінде – 1 957 адам тартылған, - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта елде ШЖК пайдаланатын 1 739 жұмыс беруші бар. Оларда шамамен 458 мыңнан астам ел азаматтары жұмыс істейді, бұл жалпы жұмысшылар санының 97%-ы.

Еңбекші мигранттар шығатын негізгі елдер келесі: Қытай – 4 068 адам, Түркия – 2 069 адам, Өзбекстан – 1 782 адам, Үндістан – 1 212 адам, Ұлыбритания – 1 047 адам.

Естеріңізге сала кетейік, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын елімізге шетелдік мамандарды тартуға арналған квота белгілейді. 

2021 жылы квота мөлшері жұмыс күшіне шаққанда 0,31%-ды немесе 29,3 мың бірлік.

Өзгелердің жаңалығы