Елбасы жапон императорының таққа отыру рәсіміне қандай көлікпен барды

22 Қазан 2019, 10:45
5776
Бөлісу:
Елбасы жапон императорының таққа отыру рәсіміне қандай көлікпен барды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев жапон императорының таққа отыру рәсіміне қатысуда. Бұл туралы Қазақстанның Тұңғыш президенті - Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі  парақшасында жазды.

"Қазақстанның Тұңғыш президенті жапон императоры Нарухитоның таққа отыру рәсіміне қатысуда", - деп жазды Айдос Үкібай. 
photo5294230058216565613.jpg


Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның Тұңғыш президенті - Елбасының баспасөз қызметі Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапонияның императоры Нарухитоның таққа отыруына арналған ресми шараға қатысу үшін Токиоға келген сәтінің видеосын жарияланған болатын.
nk11100-copy.jpg

Императорлық тақ мұрагерін ұлықтау рәсіміне 175-тен астам елдің өкілі келді.

99dde98b-1d4a-43e7-ac60-3d055488166e.jpg

Өзгелердің жаңалығы