Елбасы Такео Кавамурамен кездесті

23 Қазан 2019, 11:50
10047
Бөлісу:
Елбасы Такео Кавамурамен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы Жапония Парламентінің Қазақстан Республикасымен достық лигасының төрағасы Такео Кавамурамен кездесті.

Кездесу барысында Елбасы Жапония парламенттік достық лигасының екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған қызметінің нәтижелерін атап өтті.

"Премьер-министр Синдзо Абэнің Қазақстанға соңғы сапары кезінде біз стратегиялық серіктестігімізді едәуір нығайттық. Біздің экономикалық ынтымақтастықта біраз өзгеріс бар. Бұл жолы Үкіметтің шақыруымен император Нарухитоның таққа отыру рәсіміне қатысу үшін келдім", - деді Қазақстанның Тұңғыш президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Жапония халықтарының өркендеуі жолында парламентаралық байланыстарды одан әрі дамытудың ерекше маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде Такео Кавамура тәуелсіздік жылдарында Тұңғыш президенттің басшылығымен қол жеткен Қазақстанның өсу қарқынын оң бағалады.

Сондай-ақ, Жапония парламенттік достық лигасының төрағасы Қазақстанға жасаған соңғы сапары жайлы және сапар аясында өткізілген кездесулер туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Өзгелердің жаңалығы