Елбасы Надаль және Джоковичпен кездеседі

24 Қазан 2019, 12:57
3020
Бөлісу:
Елбасы Надаль және Джоковичпен кездеседі
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Рафаэль Надаль мен Новак Джокович Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі. Бұл туралы баспасөз конференциясында Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов мәлімдеді.

DSC_9923.JPG
"Бүгін Надаль мен Джокович елордадағы Барыс Аренада қайырымдылық матчын өткізеді. Ойыннан кейін бірден Парижге ұшады. Бұл матчты өткізуді екі жыл бұрын жоспарлаған болатынбыз. Бірақ теннисшілердің уақытының тығыздығына байланысты, мүмкін болмады. Міне, енді сәті түсіп отыр. Осы матчтан кейін де Рафаэль Надаль мен Новак Джокович бірден Парижге ұшып кетеді. Содан әрі жылдық қорытынды ойынға бару керек... Екі теннисшінің осы жылдағы ойындары сәтті өтті. Джокович Australian Open, Уимбилдонда жеңсе, Надаль Роллан Гаррос, US OPEN турнирлерінде жеңіске жетті. Біздің аймақта (Орталық Азия - авт.) алғаш рет осындай әлемдік деңгейдегі матч өтеді.  Бұл Қазақстандағы балалардың тенниске деген қызығушылығын арттырады деген үміттеміз... Ойыннан түскен қаржы толық қайырымдылыққа жұмсалады", - деді Болат Өтемұратов.
IMG_8866.JPG

Сонымен қатар, Теннис федерациясының президенті бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік теннисшілер Рафаэль Надаль және Новак Джоковичпен кездеседі.

Бұған дейін кеше түнде Рафаэль Надаль және Новак Джокович өз командаларымен Нұр-Сұлтандағы халықаралық әуежайға қонғаны туралы хабарлағанбыз.
Өзгелердің жаңалығы