Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әмірхан Рахымжанов «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің директоры қызметінен босатылды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.Мемлекет басшысының өкімімен Әмірхан Мұратбекұлы Рахымжанов «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің директоры қызметінен босатылды, - делінген хабарламада.