Елбасы кітапханасы мен ТүркПА меморандумға қол қойды
24 Қараша 2021, 10:19 86

Елбасы кітапханасы мен ТүркПА меморандумға қол қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркітілдес елдердің парламенттік ассамблеясы хатшылығының бас хатшысы Мехмет Сюрейя Эр бастаған делегация Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында болды.

Сапар барысында Елбасы кітапханасы мен ТүркПА ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Бауырлас түрік халқы – егемендігімізді алғаш болып мойындаған ел. Аталмыш құжатқа қол қою арқылы қос мекеме екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты дамытудың кезекті қадамын жасап отыр. Бұл рәсімнің тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен еліміздің ТүркПА-ға төрағалық ету жылының тұсында айрықша маңызы зор. Түркі әлемінің ақсақалы ретінде Елбасы түркітілдес елдердің интеграциясының серпініне, мәдени және рухани құндылықтарымыздың дамуына елеулі үлес қосты. Бірлескен күш-жігеріміз білім беру, мәдени және ғылыми бағыттар саласындағы өзара іс-қимылдың сапалы деңгейін қамтамасыз етуге ықпал ететініне сенімдіміз, - деді Бақытжан Темірболат.

Меморандум ТүркПА-ға мүше мемлекеттердің өзара әрекеттестігін нығайтып, түркі халықтарының мәдени және тарихи мұрасын, тілдерін, дәстүрлерін, рухани құндылықтарын сақтау мен дамыту мақсатында бірлескен мәдени, білім беру және зерттеу жобаларын іске асыру арқылы түркі халықтарының ынтымақтастығын арттыруды көздейді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған ТүркПА – бауырлас елдердің бірлігін бекемдейтін беделді ұйым. «Жаңа сын-қатерлерге төтеп береміз десек, өзара ынтымақтастықты барынша нығайта түсуіміз қажет. Әріптестеріміздің әлеуетін арттырып, түркі әлемінің халықаралық аренадағы рөлін күшейтуге тиіспіз», - деген Қ. Тоқаев.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев саяси аренада көреген саясаткер, парасатты тұлға ретінде үлкен құрметке ие. Осы орайда ТүркПА Елбасының есімімен аталған кітапханамен, яғни білім мен ғылымды, тарих пен мәдениетті шоғырлатқан орталықпен серіктес болуға қуаныштымыз. Ынтымақтағымыз нығая берсін! Елдеріңіз аман, жұрттарыңыз тыныш болсын!, - деді Мехмет Сюрейя Эр.

Кездесу аясында делегация мүшелеріне Елбасы кітапханасының музейі бойынша экскурсия жүргізілді.


Фото: дереккөз
Загрузка...