Бас жаңалықтар
Елбасы Әлімғазы Райымбековтің туыстарына көңіл айтты
19 Қаңтар 2021, 16:20 209

Елбасы Әлімғазы Райымбековтің туыстарына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Әлімғазы Райымбековтің өмірден өтуіне байланысты туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында жазды.

Елбасы белгілі актер Әлімғазы Райымбековтің өмірден өтуіне байланысты туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Ол ұлттық киномызда ұмытылмас бейнесі мен өзіндік ізін қалдырған талант иесі болатын. Елбасы оның жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталады деп сенім білдірді, - деп жазды ол.
Еске салсақ, «Тақиялы періште» фильмінің бас кейіпкері, аты аңызға айналған актер, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Алматы облысының Құрметті азаматы Әлімғазы Райымбеков өмірден озды.

Фото: дереккөз
Загрузка...