Ел құрамасы Токио Паралимпиадасына спорттың қанша түрінен қатысады

28 Қараша 2019, 11:17
13730
Бөлісу:
Ел құрамасы Токио Паралимпиадасына спорттың қанша түрінен қатысады
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҰПК спортшыларды Токио Паралимпиадасына қарқынды түрде дайындап жатыр. 


Бұл туралы ҰПК жаңадан тағайындалған бас хатшысы Ерлан Сүлейменов айтып берді.
Бүгінгі біздің негізгі  тапсырмамыз - алдағы 2020 жылы Токиода (Жапония) өтетін жазғы Паралимпиада ойындарына дайындалу. Біздің атлеттеріміз параспорттың 11 түрінен: пара жеңіл атлетика, пара жүзу, пара дзюдо, пара пауэрлифтинг, пара таэквандо,  волейболды отырып ойнау, пара садақпен оқ ату, пара нөлдік ату, пара үстел теннисі, пара ат спорты, пара каноэдан қатысады деп жоспарланып отыр. Сондықтан біздің спортшыларымыз келесі жылдың басынан бастап мемлекеттік тапсырыс аясында  ұлттық құрама командалардың паралимпиадалық спорт түрлерінен даярлауды бастаймыз. Бұл - құрама командалардың нәтижелеріне оң әсер ететін жауапты, маңызды факт, - деді Ерлан Сүлейменов.

Айта кетсек, қазір елордада ҰПК 2015 жылдан бері жұмысын қорытындылауға арналған конференция өтіп жатыр. ҰПК атқарушы директоры Ерлан Сүлейменов ҰПК құрылуы мен мақсатына қысқаша тоқталып өтті. Оның айтуынша, паралимпиадашыларға халықаралық оқу-жаттығулар оң ықпал етеді. Содай-ақ, бұған дейін Ерлан Сүлейменов ҰПК атқарушы директоры қызметін атқарып келген Ерлан Сүлейменов ҰПК бас хатшысы болып сайланды.
Өзгелердің жаңалығы