Бас жаңалықтар
Президент сайлауы – 2019. Ел болашағын айқындауда жастар белсенді болу керек
10 Сәуiр 2019, 10:05 707

Президент сайлауы – 2019. Ел болашағын айқындауда жастар белсенді болу керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 9 маусымда кезектен тыс прези­дент­тік сайлау өткізу туралы шешіміне қатысты «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan»  ЖҚ Атқарушы хатшысы, Дәулет Кәрібек өз пікірін білдірді.

«Президент мұндай саяси науқанды өткізу жөніндегі шешімді Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен, Парламенттің қос палата спикерімен, саяси партия басшыларымен, сондай-ақ   Конституциялық Кеңестің келісімімен қабылданғанын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев уақытша президент болып тағайындалғаннан бері бірнеше халықаралық тұлғалармен кездесулер өткізді. Бұдан бөлек еліміздегі бірнеше өңірді аралап, халықтың тұрмыс-тіршілігімен жақын танысып, пікірлері мен талаптарын тыңдағаннан кейін де осындай шешім қабылдады деп ойлаймын», - дейді Дәулет Кәрібек.  

Дәулет Кәрібек ел болашағы айқындалатын осындай маңызды уақытта еліміздегі жастардың да белсенділік танытуы керек деп санайды.

«Президенттікке кандидаттар тізімі екі ай көлемінде жасақталып, әрі қарай орталық сайлау комиссиясы тір­кеген кандидаттар сайлау науқаны жұмыстарын ашық түрде жүргізу құқығын иемденеді. Мемлекет басшысы атап өткендей,  әлеуметтік-экономикалық мақсат-міндеттерді лайықты жүзеге асыру үшін бізге алдағы тұста айқындық қажет. Елбасымыз  ұсынған әлеуметтік бағдарламаларды ойдағыдай сәтті әрі тиімді іске асыру үшін, бұл жауапты кезеңнің алар орны ерекше болмақ. Сол себепті барлық қазақстандық жастарды ел болашағын айқындауда белсенділік танытуға шақырамын», - дейді Дәулет Кәрібек. 

Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық