Экономикалық белсенді халық қатарына жатпайды. Студенттер 42 500 теңге ала ма?

16 Шілде 2020, 14:51
4362
Бөлісу:
Экономикалық белсенді халық қатарына жатпайды. Студенттер  42 500 теңге ала ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ҚР президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн баспасөз конференциясында айтты. 

Студенттер мен декретте жүрген әйелдерге 42 500 теңге беріле ме, деген сұрақтар да бар. Бұл бойынша арнайы санат жоқ. Яғни, студент болғаны үшін 42 500 теңге берілмейді. Студент жалданып жұмыс істеп жатса, жұмыс берушісі өтініш береді. Жеке кәсіпкер болып, ай сайын БЖТ-ны төлеп тұрып, карантинде кәсібі тоқтаса, 42 500 теңгені алады. Осы күнге дейін еш жерде тіркеуде болмай, ресми жұмыс істемей, бейресми жасадым деген студенттер төлемді ала алмайды, - деді министр. 
Министр заңнама бойынша студенттер экономикалық белсенді халықтың қатарына жатпайтынын айтты. 
Оларды жұмыссыз ретінде тани алмаймыз. Ол кісілер жұмыссыз күштің санатына жатпайды. Декретте жүргендерге қатысты ереже өзгеріссіз қалды. Бала 1 жасқа толғанша сақтандыру қорынан төлем төленетіндіктен, оларға 42 500 теңге берілмейді. Ал баласы 1 жастан асып, жұмысқа шығып, карантин шаралары салдарынан ақысыз демалысқа кетсе, ол 42 500 ала алады. Жеке кәсіпкерлікке қатысты да осылай, - деді ол. 
Айта кетейік, 42 500 теңгені алу үшін өтініш ертеңнен басталады.



Өзгелердің жаңалығы