Елорда әкімі экологиялық акцияны жалғастыруды ұсынды

22 Шілде 2019, 11:55
2351
Бөлісу:
Елорда әкімі экологиялық акцияны жалғастыруды ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалалық экологиялық акция 27 шілдеде, яғни осы сенбіде өтеді. Бұл туралы қала әкімі өзінің Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі тұрғындарды қалалық акцияға қатысуға шақырды. 

"20 шілдеде #Birge #TazaQazaqstan экологиялық қозғалысы басталды. Осы сенбі күні 27 шілдеде біз экологиялық эстафетаны өткізетін боламыз. Есіл және Қарасу өзендерінің жағалауларын айналып өтетін әуежайдан Қарағанды трассасына қарай тазартуды ұсынамыз. Барлық қала тазалығына бей-жай қарамайтын тұрғындарды қатысуға шақырамыз", - делінген Алтай Көлгіновтің Twitter-дегі парақшасында.

Айта кетейік, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев #Birge #TazaQazaqstan акциясын жариялап, қазақстандықтарды тазалық акциясына қатысуға шақырды.

20 шілдеде Қоянды су қоймасын тазарту бойынша «Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтіп, 10 тонна қоқыс шығарылды.





Өзгелердің жаңалығы