Қостанайда екі ауданның әкімі ауысты

23 Қыркүйек 2020, 23:27
1572
Бөлісу:
Қостанайда екі ауданның әкімі ауысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Қостанай аудандық мәслихатының депутаттарымен келісе отырып, өз өкімімен Қостанай ауданының жаңа әкімі Жансұлтан Таукеновты тағайындады және жергілікті активке таныстырды.

Жансұлтан Қоңыртайұлы Таукенов 1975 жылы 5 қазанда Қостанай облысы Амангелді ауданының Байғабыл ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Бұған дейін «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» ММ басшысы қызметін атқарған.

Қостанай ауданының бұрынғы әкімі Виктор Радченко Қарасу ауданының әкімі болып тағайындалды. Оны аудан активіне облыс әкімінің бірінші орынбасары Гауез Нұрмұхамбетов таныстырды.

Виктор Николаевич Радченко 1967 жылы 1 қарашада дүниеге келген. М.Дулатова атындағы Қостанай инженерлік-техникалық университетін және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.

Өзгелердің жаңалығы