Еліміздің егіс алқаптарына 2,5 млн тонна тұқым себілді

8 Сәуір 2020, 16:26
3727
Бөлісу:
Еліміздің егіс алқаптарына 2,5 млн тонна тұқым себілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров тұқым дайындау және оның көрсеткіштері туралы баяндап берді. 

Тұқым дайындау мәселесі және олардың сапалы көрсеткіштерін аса маңызды болып табылады. Қазіргі таңда 2,5 млн тонна тұқым себілді. Бұл тұқымның материалға деген толық қажеттілігі қамтамасыз етілді. Облыстардың жергілікті бюджеттерінде тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 11,3 млрд теңге қарастырылған, қосымша республикалық бюджет қаражатынан шамамен 29,4 мың тонна тұқым және 838,7 мың дана элиталық көшеттер сатып алуға 2,5 млрд теңге бөлінді, - деді вице-министр. 

Сондай-ақ, жоғары өнімді алу үшін тыңайтқыштарды қолдану маңызды рөл атқарады. 

2020 жылға облыстардың жергілікті бюджеттерінде 23,3 млрд теңге қарастырылған. Бұл 480 мың тоннаға жуық минералды тыңайтқыштар сатып алуға бөлініп отыр. Бұл ретте республикалық бюджеттен (9 өңірдің) шаруалармен шамамен 54 мың тонна тыңайтқыш сатып алуға қосымша 2,8 млрд теңге қаражат бөлінген, - деді Айдарбек Сапаров. 

Бұл ретте республикалық бюджеттен 9 өңірдің шаруаларымен шамамен 54 мың тонна тыңайтқыш сатып алуға қосымша 2,8 млрд теңге қаражат бөлінгендігі айтылды.

Бұған дейін 2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс көлемі 22,5 млн гектар құрағаны туралы хабарланды.

Өзгелердің жаңалығы