Егер вакцина жақсы нәтиже берсе, өзіме де салдырамын – Тоқаев

26 Қаңтар 2021, 13:50
2633
Бөлісу:
Егер вакцина жақсы нәтиже берсе, өзіме де салдырамын – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев егер коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина жақсы нәтиже көрсетсе, өзіне де салдыратынын мәлімдеді.

Отандық вакцина оң нәтиже көрсетеді деп үміттенемін. Сол кезде мен дәл қазақстандық вакцинаны салдырамын. Егер ол нәтиже көрсетсе. Солай боларына үміттенемін, - деді Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Ол осы ретте ешқандай мәжбүрлі вакцинация болмайтынын жеткізді.

Арандатушылар айтқандай, мәжбүрлі вакцинация жасалмайды. Бірақ вакцинация - қиын жағдайдан шығудың жолы. Оны сапалы жүзеге асыру үшін барлық жағдай жасалуы керек, - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны 1 ақпаннан бастап егу жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы