Егде жастағы адамдар міндетті түрде екпе салдыруы қажет - дәрігер

9 Сәуір 2021, 13:44
1949
Бөлісу:
Егде жастағы адамдар міндетті түрде екпе салдыруы қажет - дәрігер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифингте профессор, медицицина ғылымдарының докторы,«Қарағанды медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының клиникалық жұмыстар жөніндегі проректоры, ҚР ДСМ-нің штаттан тыс инфекционист-дәрігері Бақыт Көшерова айтты.

Біз бір жылдан астам уақыттан бері COVID-19 пандемиясы жағдайында өмір сүріп келеміз. Коронавирус инфекциясын профилактикалау бойынша жүргізіліп жатқан барлық шаралар тиісті нәтижеге әлі де жеткізе қойған жоқ. Инфекциялық аурулармен күресте ең тиімді және ғылыми тұрғыда негізделген әдістердің бірі - вакцинация. Дәл осы вакцинацияның арқасында адамның иммунитеті түзіледі де жұқпалы ауруларға қарсы тұра алатындай қауқарлы болады, - деді ол.
Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, вакцинация жыл сайын 2-3 миллион өлім-жітім жағдайының алдын алуға септеседі екен.
Қарағандыдағы медициналық университет Қазақстан аумағында болған өлім-жітім жағдайларына қатысты зерттеу жүргізген. Зерттеуге сәйкес, қайтыс болғандардың 90%-ы 60 жастан асқандар және COVID-19-дан көз жұмғандардың бойындағы қосымша аурулары көрсеткішіне сәйкес, олардың бірқатарында артериялық гипертензия дерті болған (66%). Шамамен, 50%-ы артық салмақтан зардап шеккен, ал жүректің ишемиялық ауруы мен қант диабеті 40%-ды құраған. Жалпы алғанда, қайтыс болғандардың 60%-да екі немесе одан да көп қосымша дерті болған, - деді ол.
Спикердің айтуынша, коронавирус инфекциясымен ауырғандар арасындағы ең әлсіз топ - егде жастағы азаматтар.

Сондықтан, олар міндетті түрде екпе салдыруы қажет. Бұл жалпы әлемдік гуманитарлық тәжірибе.

Өзгелердің жаңалығы