Еңбек даулары: 393 шетелдік жұмысшы елден шығарылды

26 Қараша 2019, 10:42
3415
Бөлісу:
Еңбек даулары: 393 шетелдік жұмысшы елден шығарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ұжымдық еңбек дауларының алдын алу мен шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындардың жағдайы туралы баяндады. 

Еңбек тәуекелдері картасы шеңберінде қараша айында мониторингпен 170 мың жұмыскері бар 359 проблемалық кәсіпорын қамтылды. Бұл ретте жоғары тәуекел аймағында Нұр-Сұлтан қаласы, Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау облыстары бар. Соңғы жылдары еңбек жанжалдарының саны үш есеге төмендеді. 2019 жылдың басынан бері республикада 9 еңбек қақтығысы орын алды. Олардың 7-еуі еліміздің батыс өңірінде шетел қатысуымен мұнай-газ және мұнай сервистік кәсіпорындарында болды, - деді министр.

Ол жұмыскерлердің еңбекақысын көтеру, жергілікті және шетелдік жұмыскерлерге қатысты еңбек пен тұрмыстық жағдайлардың теңсіздігі қақтығыстардаң негізгі себептері болып отырғанын айтты. 

Еңбек жанжалдардың алдын алудың маңызды құралдарының бірі деп жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасында өзара қарым-қатынастарды рететуге мүмкіндік беретін ұжымдық шарттар жасасу деп санаймыз. Бүгінде ірі және орта кәсіпорындардың 97%-да ұжымдық шарттармен қамтылуына қарамастан еңбек жанжалдарының пайда болуы сол ұжымдық шарттардың мазмұны мен сапасының төмендігін көрсетеді. Осында жұмыскерлердің бірлестіктері, кәсіподақтары белсенділік танытуы тиіс деп санаймыз, - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Үкімет отырысында. 

Министр шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындардағы жағдай туралы баяндады. Бүгінде Қазақстанда шетелдік жұмыс күштерін тартатын 2200 кәсіпорын бар. 

Оның ішінде қазақстандықтардың үлесі – 96%. Жоғарыда көрсетілген еңбек дауларының себептерін ескере отырып, ел президенінің тапсырмасы бойынша прокуратура органдарымен бірлесіп 30 астам шетелдік жұмыс күшін тартатын 95 кәсіпорынға қатысты тексеруді аяқтадық. Нәтижесінде еңбек және көші-қон заңнамасын бұзу бойынша 930 факті анықталып, жойылды. 474 жергілікті және шетелдік жұмыскерлер жалақысының айырмасы анықталып, сәкестендірілді. Тексеру нәтижесінде 681 рұқсаттама кері қайтарылып, 393 шетелдік жұмыскер елден шығарылды, - деді Нұрымбетов.

Оның сөзінше министрлік заңнамалық актілерге бірқатар түзетулер әзірлеген. Олар әкімшілік жауапкершілікті күшейтуге және шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындарға жыл сайын тексеру жүргізуге, жыл сайынғы квоталар көлемін және жұмысшы мамандықтар бойынша шетелдік персоналдарды тартуды қысқартуға, үшінші және төртінші санат бойынша тартылатын жұмыскерлерді қазақстандық кадрлармен ауыстыру бойынша жұмыс берушілердің міндеттемелерін енгізуге бағытталады. Министр өңірлер әкімдіктерінің шетелдік жұмыс күшін тартуға квотаны еңбек нарығын жан-жақты зерделеуді жүргізгеннен кейін қалыптастырып, кадрларды жергілікті қамтуды ұлғайту қамтамасыз етуі тиіс екенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы