ДСМ басшысы вакцина алуға қанша қаржы кеткенін айтты

20 Тамыз 2021, 17:03
8713
Бөлісу:
ДСМ басшысы вакцина алуға қанша қаржы кеткенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

Жалпы бізде бірнеше вакцина бойынша келісімшарт орындалды. Спутник V вакцинасы бойынша - 14,28 млн доза, Hayat Vac - 1 млн доза, QazVac - 2,97 млн доза, Синовак вакцинасынан 500 мың доза бар. Қазір Синофарм вакцинасынан 4 млн доза жеткізу көзделіп отыр, - деді Цой.

Министр айтқандай, вакцина бойынша әр компанияға бағаларды жариялау бойынша өтініш жіберілген.

10 млн-нан астам адамға вакцина алуға 95,3 млрд теңге кетті. Вакцинаның кейінгі дозалары алғашқысына қарағанда төмен бағаға сатылды. Вакциналар ашық нарықта сатылмайды. Барлығы қолжетімділікке байланысты. Біз барлық өндірушіге Қазақтанға жеткізуге өтінім жібердік. Біз үшін басымдықта жедел жеткізу мәселесі тұрды, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы