Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазір көпбалалы аналарға жәрдемақыны қаншаға көтере аламыз, қандай шешімдер керек соның барлығы қаралуда. Бұл жайында Ербол Досаев көпбалалы ананың балаға берілетін жәрдемақыны 10 мың теңгеден өсірсе деген сұрағына жауап беру кезінде айтты.
Досаевтың айтуынша, қазір Үкіметте бұл мәселе бойынша жұмыс тобы құрылған.
«Бірінші наурызға дейін жұмысымызды бітіріп, Үкіметке ойларымызды енгіземіз. Оның ішінде көпбалалы аналардың мәселесінен өзге ел бойынша қордаланға сұрақтар да қаралуда. Оның қатарында тұрғынүй мәселесі, жәрдемақы және тағы басқа мәселелер бар. Мұның барлығы дайындалған соң әкімдер өз тараптарынан қандай жеңілдіктер, көмектер көрсете алатынын білідіреді. Яғни жәрдемақыны қаншаға көтере аламыз, қандай шешімдер керек соның барлығы қаралады»,-деді ол
Өз кезегінде Бауыржан Байбек «Бақытты отбасы» бағдараламасы аясында біраз ақшаны көтергенін жеткізді.
«Ол бізден қосымша 5,5 млрд теңгені қажет етеді. Жалпы 70 млрд теңге әртүрлі салаға бөлінеді. Бізде 10 мыңнан астам көпбалалы отбасы бар, оның жартысының жағдай төмен. «Нұр отан» партиясымен бірлесе отырып осындай отбасыларды аралап, жәрдем алмағандарға көмектесеміз»,-деді қала әкімі.