Димаш Құдайберген 100 отбасыға бес тонна азық-түлік жіберді

6 Сәуір 2020, 15:10
2518
Бөлісу:
Димаш Құдайберген 100 отбасыға бес тонна азық-түлік жіберді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармония директоры Елубай Кенжалиев өзінің Инстаграмдағы парақшасында жазды.

Танымал әнші Димаш Құдайберген індет салдарынан мұқтаждық көрген отбасыларға көмек көрсетті. Әнші Нұр-Сұлтан және Ақтөбе қалаларындағы 100 отбасыға бес тонна азық-түлік жіберген. 
Біздің Димашымыз сауапты іс жасап, елордалық және ақтөбелік 100 отбасыға 5 тонна азық-түлік жіберді, - делінген жазбада.
Лотерея ойнатып, ұтысқа көлік тігіп жүрген өнер жұлдыздары Димаштан үлгі алып, мұқтаж жандарға көмек қолын созар деген үміттеміз.
Өзгелердің жаңалығы