Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Димаш Құдайберген бүгін Қазақстанның Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілдігіне келіп, қазақстандық дипломаттармен және олардың отбасыларымен кездесті. Бұл туралы Нью-Йорктегі Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінің кеңесшісі Ануар Жайнақов Facebook-тегі парақшасында жазды.
"Қазақстандағы үйіме келгендей болдым ғой" деп күліп айтты Димаш Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілдігіне келгенде", - деп жазды ол.
Димаш Құдайберген бүгін Нью-Йорктегі қазақстандық дипломаттармен және олардың отбасыларымен кездесті.
Танымал қазақстандық әнші БҰҰ штаб-пәтерінде де болып, алған әсерлерімен БҰҰ Жаңалықтар қызметімен сұхбатында бөлісті.