Әділет министрлігі құқықтық мәселелер бойынша қызу желіні іске қосты

18 Наурыз 2020, 15:17
1568
Бөлісу:
Әділет министрлігі құқықтық мәселелер бойынша қызу желіні іске қосты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әділет министрлігі Қазақстанда төтенше жағдайдың енгізілуі туралы құқықтық мәселелер бойынша қызу желіні іске қосты, деп хабарлады министрліктің ресми сайты.


ҚР Әділет министрлігі "Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы президентінің Жарлығына, сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин енгізуге байланысты құқықтық мәселелерді түсіндіру бойынша жедел желі мен онлайн платформа ашты. Жиі қойылатын сұрақтар бойынша жауаптар ресми сайтта жарияланып, БАҚ арқылы таратылады, - делінген ақпаратта.

Сұрақтар мына байланыс телефондары арқылы қабылданады:
87172580058,
WatsApp 87086935631,
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 119,
сондай-ақ Әділет министрлігінің әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында
@adiletgov (facebook),
@adiletgovkz (instagram).





Өзгелердің жаңалығы